"Барселонаның" жастар командасының үздік бомбардирі "Реал" сапына тегін қосылады

Жауме Жарди. Сурет: Mundo Deportivo

Мадридтік "Реал" алдағы уақытта 19 жастағы шабуылшы Жауме Жардиді - "Барселонаның" жастар командасының бұрынғы капитанын сапына қосуы мүмкін, деп хабарлайды "Чемпионат".

30 маусымда ойыншының каталондық клубпен келісімшарты аяқталды, тараптар келісімді ұзарту туралы келісімге келе алмады. Енді форвард еркін агент ретінде "Реалға" қосылуы мүмкін. 

Жарди өткен маусымда тоғыз гол салып, үш ассист жасады. Осылайша, ол каталондықтардың жастар комадасындағы үздік бомбардирі атанған еді. 

Еске салайық, өткен маусым қорытындысы бойынша "Реал" Испания чемпионатында "Атлетикодан" кейін екінші болды. Маусым аралығында команданың бапкері ауысты, Зинедин Зиданның орнына Карло Анчелотти келді.