Жаңа сайлауда жеңген "Барселона" президенті Жоан Лапорта америкалық "Интер Майами" клубында өнер көрсететін сегіз дүркін "Алтын доп" иегері Лионель Месси туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Каталондық клуб басшысы аңыз футболшыға клуб есігі әрдайым ашық екенін атап өтті.
"Лео "Барселонамен" өзі қалағандай деңгейде әрқашан байланысты болады. Егер ол осы ұлы клубтың абыройын арттыруға үлес қосқысы келсе, есігіміз әрдайым ашық", - деді Лапорта TV3 арнасына берген сұхбатында.
Лионель Месси "Барселонадан" 2021 жылдың тамыз айында клубтағы ауыр қаржылық дағдарыс пен Ла Лигадағы айлықтың шектеулеріне байланысты кеткен еді. Футболшы еңбекақысын айтарлықтай қысқартуға дайын болғанымен, келісімшартты ұзарту мүмкін болмады. Осылайша, тараптар қоштасуға мәжбүр болып, бұл Мессидің каталондық клубтағы 20 жылдық карьерасы тоқтады.
Жуырда "Барселонада" президенттік сайлау өтіп, оның қорытындысы бойынша Жоан Лапорта қайтадан жеңіске жетті. Айта кетейік, Месси клубтан Лапортаның басшылығы кезінде кеткен болатын, содан кейін олардың қарым-қатынасы нашарлағаны айтылған.