"Барселонаның" жаңа бапкері Гвардиоланың қатаң ережесін қайта енгізді

Сурет: Sportbox
"Барселонаның" жаңа бапкері Рональд Куман командадағы тәртіпті қатаңдатпақ, -деп хабарлайды Sport.es.

Ендігіде каталондық клубтың барлық ойыншылары базаға жаттығу басталардан бір сағат бұрын жетуі тиіс.

Бұл ережені бірінші болып "Барселонаны" 2008 бен 2012 жылдар аралығы жаттықтырған Хосеп Гвардиола енгізген. Алайда кейінгі бапкерлер бұл талапты орындамайтын еді. Енді Куман жұмыс кестесін қатаңдатып отыр.