"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Гави футболдан Испания құрамасының рекордын орнатты.
17 жастағы ойыншы Ұлттар лигасындағы екінші матчте Чехия қақпасына гол салды. Осылайша, Гави Испания құрамасында гол салған ең жас ойыншы атанды (17 жас 304 күн).
Ол командаласы Анссумане Фатидің рекордынан асып түсті, 2020 жылы Фати Украинаға гол салғанда 17 жас 311 күн шамасында болған.
Матчтің өзі 2:2 есебімен аяқталды.
Чехия төрт ұпаймен өзінің турнир кестесінде екінші келеді. Испания (2) – үшінші.