Англияның "Ливерпуль" және каталондық "Барселонаның" бұрынғы жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо карьерасын Бразилияда жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 34 жастағы Филиппе Неймар өнер көрсететін "Сантос" клубына қосылмақ. Коутиньо командамен жыл соңына дейін келісімшарт жасайды.
Медициналық тексеру 11 қыркүйек, жұма күні өтеді деп жоспарланған. Коутиньо "Васко да Гамадан" кеткеннен кейін еркін агент мәртебесінде жүр. Ол биыл бразилиялық клуб сапында жеті матч өткізіп, үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
Коутиньо Еуропада "Ливерпуль" сапындағы өнер көрсеткен жылдары танымал болды. 2018 жылдың қаңтарында ол "Барселонаға" 135 миллион еуроға ауысты. Бұл каталондық клуб тарихындағы ең қымбат трансфер саналады. Кейін бұл көрсеткішті Усман Дембеленің трансфері қайталады.
Сонымен қатар Коутиньо "Интер", "Бавария", "Астон Вилла", "Эспаньол" және катарлық "Әл-Духаил" клубтарында өнер көрсетті. Қазіргі таңда футболшының нарықтағы құны 2,5 миллион еуроға бағаланып отыр.
Жарнама