Футбол
Бүгін 13:44

"Барселонаның" бұрынғы ойыншысы "Ақтөбеде" ойнайтын болды

©Marca

Босниялық жартылай қорғаушы Миралем Пьянич қазақстандық «Ақтөбеге» ауысады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейлік инсайдер Иван Карповтың мәліметінше, бұрын «Барселона» мен Мәскеудің ЦСКА клубтарында ойнаған футболшы 35 жасында карьерасын қайта жандандырып, қазақстандық клубпен бір жылдық келісімшартқа қол қояды. Ол бұған дейін «Ақтөбеге» келген 39 жастағы португалиялық Наниден кейін команда сапына қосылмақ. Айта кетейік, қос ойыншы да Қазақстан премьер-лигасы тарихындағы ең жоғары айлықты алатын болады.

Сондай-ақ, «Ақтөбе» клубының Томас Мюллерге де қызығушылық танытқаны белгілі болды. 36 жастағы неміс футболшысы 2026 жылдың жазына дейінгі келісімшартқа қол қоюға дайын боған. Алайда ол Қазақстан премьер-лигасында жасанды жабынды алаңдарда ойнау қажет екенін білген соң, бұл ойынан бас тартқан.

Айта кетейік, Миралем Пьянич франциялық «Мец», «Лион», Италияның «Рома», «Ювентус», Түркияның «Бешикташ» және БАӘ-нің «Шарджа» клубтарында өнер көрсеткен. Ол 2008 жылдан 2024 жылға дейін Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының намысын қорғады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport