"Барселонаның" бұрынғы бапкері клубты сотқа берді

Сурет: Sportbox

"Барселонаның" бұрынғы бапкері Кике Сетьен испаниялық футбол клубын сотқа берді,- деп хабарлайды Р-Спорт порталы AS басылымына сілтеме жасап.

Командадан тамызда кеткен маман келісімшартты бұзғаны үшін өтемақы талап етіп отыр. Мұның алдында Сетьен каталондық клубтан келісімшартта көрсетілген төрт миллион еуро төлемді өндірмек екені хабарланған. 

Сетьен "Барселонаны" 2020 жылдың қаңтарынан тамызына дейін жаттықтырған, осыдан кейін оның орнына голландиялық Рональд Куман келді.