"Барселонаның" бес футболшысы мен екі бапкері коронавируспен ауырған

Сурет: FCBarcelona
Каталондық "Барселонаның" бес футболшысы мен бапкерлер штабының екі мүшесі коронавируспен ауырған, - деп хабарлайды AS.com порталы RAC1 радиостанциясына сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, "Барселона" пандемия басталысымен тест тапсырған кезде коронавирус жұқтырғандар бары анықталған. Алайда олардың індетке шалдығуы симптомсыз болған. Қазіргі таңда ойыншылар өздерін жақсы сезінеді және жарыстарға қатыса алады. 

Дегенмен бұл ақпаратты клубтың өзі растамады және Ла Лиганың ешбір есебінде көрсетілмеген.

Пандемияға байланысты тоқтатылған Испания чемпионаты 11 маусымда қайта жалғасты. Осыдан кейін турнирдің 13 маусымда өтетін бірінші матчінде "Барселона" сырт алаңда "Мальоркамен" ойнайды.