Лионель Месси "Камп Ноу" стадионында болып, өзінің ресми Instagram парақшасында фото жариялады. Бұл жазба бірден күннің ең көп талқыланған тақырыптарының біріне айналды.
El Nacional ақпаратына сәйкес, осы жарияланымнан кейін аргентиналық жұлдыз карьерасының екінші кезеңін бастау үшін "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін деген сыбыстар тарады. Мұндайдың бола қою екіталай болса да, көптеген жанкүйерлер сүйікті ойыншысын қайтадан "Камп Ноуда" көруге үміттеніп отыр.
Ойыншылардың реакциясы: кім қолдады, кім үнсіз қалды
Пікірлер бөлімінде көптеген жанкүйерлер Мессиді үйге - "Барселонаға" оралуға шақырды. Командада аргентиналықпен бірге ойнамаған бірнеше қазіргі футболшы суретке лайк қойды: Дани Ольмо, Фермин Лопес, Алехандро Бальде, Гави, Рафинья Диас және Эрик Гарсия. Тіпті клубтың ресми аккаунты да бұл жазбаны белгіледі.
Мессимен бірге ойнаған футболшылар арасынан тек Френки де Йонг реакция білдірді. Ал Педри, Марк-Андре тер Штеген және Рональд Араухо үнсіз қалды. Бұл жағдай кейбір футболшылардың әйгілі "10" нөмір иесімен қайта ойнауға ниеті жоқ па деген сұрақ туғызды.

Қайта оралуға кедергілер
Мессидің "Барселонаға" оралуына ең басты кедергілердің бірі - неміс қақпашысы Тер Штеген болуы мүмкін. Оның клубтағы болашағы белгісіз: ол ең жоғары жайлық алатындардың бірі, алайда, қосалқы құрамда және басшылықпен қарым-қатынасы күрделі. Егер ол кетсе, Мессиді қайта алу үшін клубта қаржылық мүмкіндік туар еді.
Сонымен қатар, бас бапкер Ханс-Дитер Флик аргентиналықтың қайта келуін қажет емес деп санайтынын ашық айтты. Ал Педри мен Араухо қарсы себеп таппаса да, олардың үнсіздігі одан бетер шиеленіс тудырып отырғандай.
Еске салайық, Месси "Барселона" сапында 2003 жылдан 2021 жылға дейін ойнады. Кейін екі маусым бойы "Пари Сен-Жермен" клубында өнер көрсетті. 2023 жылдан бері аргентиналық футболшы "Интер Майами" клубының намысын қорғап жүр. Оның қоржынында сегіз "Алтын доп" марапаты бар, бұл әлемде теңдесі жоқ рекорд.
Жарнама