Футбол
30 қыркүйек 2022 17:10

"Барселонаның" басқа командаларға қанша қарыз екенін айтылды

©"Барселона" ФК

"Барселона" Филиппе Коутиньо, Френки де Йонг, Ферран Торрес және Миралем Пьяничтің ақшаларын толық төлемеген, деп жазады Catalunya Ràdio порталы. 

Каталониялық команда "Ливерпуль" командасы Коутиньоның трансфері үшін әлі 10 миллион еуро қарызды. Ол "Барселона" сапына 2019 жылы қосылған болатын. Қазір бразилиялық "Астон Вилла" командасында ойнайды. Ағылшындық команда Коутиньо үшін 10 миллион беруі керек. 

Сонымен қатар испаниялық ұжым "Ювенуске" Миралем Пьянич үшін 36 миллион еуро беру керек. Босниялық футболшы қазірші уақытта БАӘ "Әл-Шарджа" командасында ойнап жүр. 

Одан бөлек, "Барселона" жартылай қорғаушы Френки де Йонг пен Серджиньо Дест үшін "Аякске" 40 миллиондай берешік екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport