"Барселонаның" бас бапкері әлем чемпионатының фавориттерін атады

©АР

"Барселона" бас бапкері Хави Катардағы әлем чемпионатының фавориттерін атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Әлем чемпионатына қатысатын барлық құрамаларды бақылап жүрмін. Менің ойымша, Аргентина мен Бразилия ойыншыларының өзге командалардан деңгейі бір бас жоғары. Алайда мундиальда кез-келген есеп тіркелуі мүмкін. Қазіргі таңда барлық командалар теңесіп қалды. Мысалы, Испания, Франция тіпті Англия құрамаларының ойындары мықты", - дейді Хави Marca басылымына берген сұхбатында.

Катардағы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан күндері өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар