"Барселонаның" 18 жастағы шабуылшысы ауыр жарақат алып қалды
"Барселонаның" 18 жастағы шабуылшысы Ансу Фати Испания чемпионатының 9-туры аясында "Бетиспен" болған матчта ауыр жарақат алды (5:2).
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуден кейін жүргізілген диагностика нәтижелері Фатидің сол тізесіндегі ішкі менисктің жарылғанын көрсетті. Емделу мерзімі жақын күндері анықталады. Еске салайық, кешегі ойынның екінші таймы басталар тұста испаниялық шабуылшы алмастырылған еді, оның орнына алаңға Лионель Месси шығып, дубль жасаған болатын.
Фати 2002 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Форвард "Барселонаның" негізгі командасында 2019 жылдан бері ойнап келеді. Фати осы маусымда "Барселона" үшін жеті ойынға қатысып, төрт гол соқты. Фатидің каталондық клубпен қазіргі келісімі 2022 жылға дейін жасалған.

Жарнама