"Барселонаның" 16 жастағы футболшысы Чемпиондар лигасы рекордын орнатты

20 қыркүйек 2023 16:31
©The Athletic

Каталондық "Барселонаның" жартылай қорғашусы Ламин Ямал Чемпиондар лигасының рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

16 жастағы хавбек Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші турындағы "Антверпенмен" ойында алаңға 68-минутта шықты. Осылайша, Ямал каталондық клубтың осы турнирдегі ең жас дебютанты болды - 16 жас 68 күн. 

Сонымен қоса, ол Чемпиондар лигасы тарихында Юссуф Мукокодан кейін екінші ең жас дебютант болды. Муококо 16 жас 18 күінінде дортмундтық "Боруссия" үшін 2020 жылдың 8 желтоқсанында алғаш рет ойнаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport