Каталондық "Барселонаның" жартылай қорғашусы Ламин Ямал Чемпиондар лигасының рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.
16 жастағы хавбек Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші турындағы "Антверпенмен" ойында алаңға 68-минутта шықты. Осылайша, Ямал каталондық клубтың осы турнирдегі ең жас дебютанты болды - 16 жас 68 күн.
Сонымен қоса, ол Чемпиондар лигасы тарихында Юссуф Мукокодан кейін екінші ең жас дебютант болды. Муококо 16 жас 18 күінінде дортмундтық "Боруссия" үшін 2020 жылдың 8 желтоқсанында алғаш рет ойнаған болатын.