УЕФА Еуропа Лигасының алғашқы жартылай финалында "Вест Хэм" өз алаңында "Айнтрахт" клубына есе жіберді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Футбол тарихында бұл екі ұжымның тұңғыш рет кездескенін айта кеткен жөн. Матч басында қағаз жүзінде фаворит саналған ағылшын командасы қақпасына екі гол өткізіп, бір голмен жауап қайтарды.
"Айнтрахт" сапында Ансгар Кнауф (1-минут) пен Даити Камада (54-минут) ерекшеленсе, алаң иелерінен Майкл Антонио (21-минут) бір гол салды.
Еске салайық, неміс командасы жарыстың ширек финалында қос матчта әйгілі "Барселонаны" (1:1, 3:2) ұтқан еді.
Енді қарымта ойын араға апта салып 5 мамырда Франкфуртте өтеді. Командалардың қай жеңгені турнирдің финалына шығады.