"Барселонаны" эль-класикода жеңген "Реал" Ла Лигада көш бастады

Винисиус Жуниор. © Real Madrid C.F.
Мадридтік "Реал" Испания чемпионатының 25-турында "Барселонаны" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Эль-Класико Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

"Реал" матчтің 71-минутында алға шықты. 19 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Винисиус Жуниор мадридтіктердің матчтегі алғашқы голын соқты. Ал екінші голды 92-минутта форвард Марино Диас салды, ол алаңға бір минут бұрын шыққан еді. Бұл Диастың осы маусымдағы алғашқы матчі болатын.



Осылайша, 56 ұпай жинаған "Реал" Ла Лигада бірінші орынға шықты. Ал екінші орынға түскен "Барселонада" 55 ұпай бар. Келесі турда каталониялықтар 7 наурызда "Реал Сосьедадты" қабылдайды. Ал мадридтіктер 9 наурызға қараған түні "Бетиске" қонаққа барады.

Бұл осы маусымдағы екінші эль-класико болатын. Желтоқсанда "Барселона" мен "Реал" 17 жылда алғаш рет 0:0 есебімен тең түскен еді.