"Барселонаға" оралу үшін Неймар ондаған миллион еуродан айырылуға дайын

Сурет: AP
 Франциялық "Пари Сен Жермен" шабуылшысы Неймар каталондық "Барселонаға" оралу үшін айтарлықтай төмен еңбекақыға келісуге дайын, - деп хабарлайы Mundo Deportivo.

Қазір Неймар Францияда жылына 52 миллион еуро алады. Бұл соммаға ПСЖ айлығы мен Катар банкінің елшісі үшін төлем кіреді. Ал "Барселонаға" ауысқан жағдайда оның банкпен келісімшарты үзіліп, осыған байланысты ол 30  миллион жоғалтады.

Мұның алдында ПСЖ Неймарға жаңа келісімшарт ұсынатыны хабарланған. Клуб 2025 жылға дейін маусым сайын 38 миллион төлеуге дайын екені айтылды. 
Жаңалықтар