"Барселонаға" Куманның орнына кім келетіні белгілі болды

25 қыркүйек 2021 20:10
©Armsport.am

"Реймстің" бас бапкері Оскар Гарсияға "Барселона" басшылығы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Eurosport порталы RMC Sport баслымына сілтеме жасап.

Куман орнынан босатылған жағдадйда Гарсия каталондықтарды жаттықтыра бастауы мүмкін. 1993 жылы Гарсия бірінші командада ойнай бастап, 1999 жылғы дейін сонда өнер көрсеткен еді.

Қазір ол жаттықтыратын "Реймс" 1 лигада 15-ші келеді.

2010 мен 2012 жыл аралығы Гарсия "Барселонаның" 19 жасқа дейінгі командасында бас бапкер болған. Ал оның алдында Ла Лигада Оскар "Сельтаны" жаттықтырған болатын.

Еске салайық, "Барселона" бес матчте тоғыз ұпаймен турнирлік кестеде жетінші келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport