"Барселонаға" 105 миллиоға келген Дембеле ПСЖ-ға ауысуға келісті

©Sports.ru

"Барселона" шабуылшысы Усман Дембеле франциялық "Пари Сен-Жерменге" ауысуға келісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналист Санти Аунаның мәліметінше, франциялық ойыншы париждік клубта 2028 жылға дейінгі ойнауға келісіпті. ПСЖ оның трансфері үшін 50 миллион еуро төлейді, оның жартысы футболшының өзіне тиеді. 

Дембеле "Барселона" сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, каталондық клубқа ол дортмундтық "Боруссиядан" 105 миллион еуроға ауысқан болатын.

2022/23 жылғы маусымда форвард "Барселона" үшін 35 матчте сегіз гол алып, тоғыз нәтижелі пас берген. Ал оның "Барсамен" келісімшарты 2024 жылға дейін есептелген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport