"Барселонадан" оңбай ұтылған "Реал" басшылығы бапкерге қатысты нақты шешім шығарды

©Reuters

"Реал" басшылары "Барселонадан" ірі есеппен (0:4) ұтылғаннан кейін де бас бапкер Карло Анчелоттиді қызметінен босатпайды. 

Marca баслымының ақпараты бойынша, "корольдік клубтың" басшылары өткен "эль-классикода" бапкердің бірнеше шешімін түсінбеген. Бірақ клуб онымен келісімшартты бұзбайды. 

Бұл жеңілістен кейін керісінше "Реал" жаңа ойыншыларды алуы әбден мүмкін. Қазір команда Килиан Мбаппемен келісімшарт жасаудың әрекетін істеуде. 

Ал Анчелоттидің "Реал" командасымен 2023 жылдың жазына дейін келісімшарты бар. Оның болашағына байланысты нақты шешім маусым соңында шығарылады. Егер "Реал" Испания біріншілігі мен Чемпиондар лигасында топ жарса, бапкер қызметінде қалуы мүмкін. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport