auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Барселонадағылар" Неймардың оралуына келісті

"Барселонадағылар" Неймардың оралуына келісті
© XSPORT.ua
"Пари Сен-Жермен" және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар "Барселонаға" оралуы мүмкін.  

Mundo Deportivo мәліметінше, "Барселона" басшыларымен кездесу кезінде футболшы бірнеше рет клубқа қайтқысы келетінін білдірген. 

26 жастағы Неймарға ПСЖ ұнамайды, ол 19 жастағы француз Килиан Мбаппенің көлеңкесінде жүргендіктен Франция кубогына ынтасы жоқ. .

2017 жылы ПСЖ-ға ауысқанда клуб басшысы Нассер аль-Хелайфи бразилиялыққа Чемпиондар лигасында жеңіске таласу мүмкіндігі мен жеке сыйлар уәде еткен. Алайда футболшы "Алтын доп" пен ФИФА-ның The Best сыйына ұсынылмады. Оның үстіне оған Францияның ауа-райы да ұнамайды екен. 

Неймар испаниялық клубқа оралғысы келетінін бірнеше рет айтқанымен, оның басқа клубқа ауысуынан көңілі қалған "Барселона" басшылығы қайтып келуіне рұқсат бермеген еді. 

Алайда Mundo Deportivo ақпараты бойынша, соңғы уақытта жағдай өзгерген.

RAC 1 бастамасымен "Барселона" президенті Жозеп Бартомеу команда ойыншыларымен Неймардың қайтып келуін талқылаған. Испаниялық клуб футболшылары бұған қарсы болмағаны белгілі болды. Оның үстіне командаға бразиялық ойыншылардың қосылуы Неймардың ынтасын арттыра түскен. 2017 жылдың жазында Филиппе Коутиньоға тағы екі ойыншы - Малком мен Артур Рамос қосылды. 

SER мәліметінше, Нймар мен ПСЖ арасында футболшының 2020 жылы 200 миллион еуроға клубтан кете алу туралы келісім бар. Бір жыл бұрын париждіктер Неймардың трансферіне 222 миллион берген. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама