"Барселонадағы" вундеркинд Мессидің жетістігінен асып түсті

19 желтоқсан 2021 11:39
©Faisal HQ

"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Гави испаниялық клуб рекордсмендерінің үштігіне кіріп, Лионель Мессиден асып түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Испания чемпионатының 18-турындағы "Эльчемен" матчте (3:2) Гави "Барселона" үшін бірінші голын салды. Осылайша, ол клуб тарихындағы ең жас гол салған футболшылар тізімінде үшінші болды - 17 жас 135 күн. Гавидің алдында Ансу Фати (16 жас 304 күн) және Боян Кркич (17 жас 53 күн) тұр. Бұл көрсеткіш бойынша Гави аргентиналық Мессиден асып түсті, Лионель бірінші голын 17 жас 331 күнінде салған. 

Бұл Гавидің Испания чемпионатының биылғы маусымындағы 15-ші матчі, сонымен бірге, ол Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде алты ойынға қатысты. Оның есебінде бір гол және екі ассист. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport