Барселонадағы "Камп Ноу" стадионын Мессидің құрметіне атағалы жатыр

Сурет: FootBoom

"Барселона" футбол клубының президенттігіне үміткер Эмили Руссо "Камп Ноу" стадионы атын өзгертетінін мәлімдеді,- деп хабарлайды goal.com. Оның ойынша, арена аргентиналық футболшы Лионель Мессидің құрметіне аталу керек.

Руссо каталондық клуб басшысы болған жағдайда референдум жинап, стадион атын "Камп Ноу Лео Месси" деп өзгертетінін атап өтті. 

Аргентиналық футболшы 2000 жылдан бері "Барселона" жүйесінде. Каталондықтармен бірге ол он рет Испания чемпионы атанып, төрт рет Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен. 

Жаңалықтар