Футбол
Бүгін 09:21

"Барселонадағы" белгілі футболшы "Ливерпульге" ауысып кетті

©Depositphotos/mrogowski_photography

Уругвай құрамасының қорғаушысы Рональд Араухо ресми түрде "Ливерпуль" ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы футболшының ауысқаны туралы ағылшын клубының баспасөз қызметі хабарлады. Уругвайлық қорғаушы "Барселонадан" "Ливерпульге" жалға ауысты. Келісім бір маусымға есептелген.

Араухо каталониялық клуб сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Осы уақыт ішінде ол үш рет Испания чемпионы атанып, Испания Суперкубогын үш мәрте жеңіп алды. Сонымен қатар екі рет Испания кубогының иегері болды.

Уругвай құрамасы сапында қорғаушы 2024 жылғы Америка кубогында қола жүлдеге ие болды.

Transfermarkt мәліметінше, Араухоның нарықтағы құны 20 миллион еуроға бағаланады. Оның "Барселонамен" келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport