"Барселона" мен Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Энтони Гордон 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесіне негізгі үміткер екі футболшыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ағылшын футболшысы Ламин Ямальдың ойын деңгейін және оның небәрі 19 жасында қол жеткізген жетістіктерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар Гордон "Бавария" шабуылшысы Харри Кейннің өткен маусымдағы көрсеткіштері де оған жеке жүлдені алуға мүмкіндік беретінін айтты.
"Меніңше, жетістіктерін ескерсек, жеңімпаз осы екі футболшының бірі болуы керек. Ламиннің осындай жасында жеткен жетістігі таңғаларлық. Оның деңгейі шынымен де таңдай қақтырады. Қазір ол мүлде басқа деңгейде ойнап жүр. Оның 19 жасында осылай көрсетіп жүргені - ақылға сыймайды.
Алайда өткен маусым туралы айтатын болсақ, Кейн де кем түспей тұр, өйткені ол тарихи маусым өткізді. Оның соққан голдарының саны және әлем чемпионатында біз үшін жасағаны бәрін айтып тұр. Екеуінің де уәжі салмақты, сондықтан оларға сәттілік тілеймін", - деп келтіреді Гордoнның сөзін The Touchline.
Айта кетейік, Гордон "Барселонада" Ямальмен бірге өнер көрсетсе, Англия құрамасында Кейнмен әріптес.
2026 жылдың жазында ағылшын футболшысы "Ньюкаслдан" каталондық клубқа ауысып, 2031 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Гордон бұған дейін карьерасында "Эвертон" сапында да өнер көрсеткен.
2026 жылғы "Алтын доп" иегерінің есімі 27 қазанда белгілі болады.