"Барселона" клубы шабуылшы Руни Бардагжиді келесі маусымда жалға беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Sport.es ақпараты бойынша, клуб ішінде 20 жастағы швед ойыншысының өнерін жоғары бағалап отыр. Сондықтан оны сатпай, өзге клубқа жалға беру жайын тиімді нұсқа ретінде қарастырып жатыр екен.
Футболшыға қызығушылық танытып отырған клубтардың қатарында "Монако", "Порту" және "Штуттгарт" бар. Соңғы шешім алдағы аптада қабылдануы мүмкін.
Биылғы маусымда Руни Бардагжи барлық турнирде 23 матч өткізіп, 2 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Оның "Барселонамен" келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды. Ал Transfermarkt порталы ойыншыны шамамен 15 миллион еуроға бағалап отыр.
Жарнама