1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
26 қаңтар 10:58
 

"Барселонада" ойыншының ПСЖ-ға кетуін "сатқындық" іспеттес деп отыр

  Пікірлер

blog.share

"Барселонада" ойыншының ПСЖ-ға кетуін "сатқындық" іспеттес деп отыр ©

«Барселонаның» президенті Жоан Лапорта жартылай қорғаушы Дро Фернандестің «Пари Сен-Жерменге» ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

«Барселонаның» президенті Жоан Лапорта жартылай қорғаушы Дро Фернандестің «Пари Сен-Жерменге» ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лапортаның айтуынша, футболшының кетуі күтпеген жағдай болған.

«Дроның кетуі мені таңғалдырды. Ол18 жасқа толысымен (12 қаңтарда) келісімшартты ұзарту жөнінде келісімге келген едік. Алайда кейін оның агенті ойыншының соңғы сәтте райынан қайтқанын айтты. Бұл жағымсыз жағдай болды», - деп келтіреді Лапортаның сөзін инсайдер Фабрицио Романо дереккөзге сілтеме жасап.


Дро Фернандес футболдағы алғашқы қадамдарын «Валь Миньор» клубында бастаған. 2022 жылы ол «Барселонаның» жасөспірімдер академиясы - Ла Масияға қосылды. 2025 жылдың жазында бас бапкер Ханси Фликтің шақыруымен негізгі құрамның жаттығу жиындарына алғаш рет қатысты.

2025 жылдың 16 тамызында Фернандес Ла Лигадағы «Мальоркаға» қарсы матчқа өтінімге енгенімен, алаңға шықпады. Ал 28 қыркүйекте Испания чемпионатындағы «Реал Сосьедадқа» қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шығып, каталондықтар сапындағы алғашқы матчын өткізді.

Бұған дейін ПСЖ каталониялық клубпен қарым-қатынасты бұзбау үшін Дро Фернандес үшін «Барселонаға» алты миллион еуро төлейтіні хабарланған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!