"Барселонада" ойнай алмаған Коутиньо "Ливерпульге" қайтпақ ниетте

Сурет: Sportsberg
Жалға алу құқымен мюнхендік "Баварияда" жүрген каталондық "Барселона" шабуылшысы Филиппе Коутиньо "Ливерпульге" оралмақшы, - деп хабарлайды Marca.

27 жастағы бразилиялық футболшы "Ливерпуль" бапкері Юрген Клоппқа қоңырау шалып, клубқа оралу үшін аз айлыққа да келісетінін айтыпты. "Барселонаның" өзі де алдағы трансферлік кезеңде ойыншыдан құтылғысы келеді. 

Коутиньо "Ливерпуль" сапында 2013 пен 2018 жылдар аралығы ойнаған. Осыдан кейін "Барселонаға" ауысты, ал оның трансфері каталондық клуб үшін рекордты 160 миллион еуроға түскен еді.

2019 жылы жазда "Бавария" футболшыны 8,5 миллион еуроға жалға алды. Бундеслиганың биылғы маусымында бразилиялық футболшы 22 матчте сегіз гол салып, алты нәтижелі пас берді. "Бавария" ойыншыны 120 миллион еуроға сатып алу құқына ие. Коутиньо мен "Барселона" келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған.