Футбол
Кеше 18:26
 

"Барселонада" ойнаған чемпионды атып кетті

  Пікірлер

blog.share

"Барселонада" ойнаған чемпионды атып кетті ©GLOBAL LOOK PRESS

Эквадорлық "Барселона" клубының қорғаушысы Марио Пинейда қарулы шабуыл кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

blog.share

Эквадорлық "Барселона" клубының қорғаушысы Марио Пинейда қарулы шабуыл кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, шабуыл 17 желтоқсанда Эквадордың Гуаякиль қаласының солтүстік ауданында болған. Екі белгісіз адам мотоциклмен келіп, футболшыға оқ жаудырған. Қайғылы оқиға салдарынан Марио Пинейданың жұбайы да көз жұмды, ал оның анасы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

"Барселона" футбол клубы зор күйзеліспен біздің ойыншымыз Марио Пинейданың оған жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқаны ресми түрде белгілі болғанын хабарлайды. Бұл қайғылы хабар клубтың әрбір мүшесіне ауыр соққы болды, біз терең қайғыдамыз", - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Марқұмның карьерасы

Марио Пинейда 33 жаста еді. Ол Эквадордың "Индепендьенте дель Валье" және Гуаякильдің "Барселона" клубтарында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, Бразилияның "Флуминенсе" командасында жалда ойнаған.

"Барселона" сапында Пинейда екі рет Эквадор чемпионы, сондай-ақ, ел Кубогының бір мәрте жеңімпазы атанған.

Ол 2014–2021 жылдар аралығында Эквадор ұлттық құрамасы сапында 9 матч өткізген.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!