Португалиялық қорғаушы Жоау Канселу қаңтардағы трансферлік терезеде саудиялық "Әл-Хиләл" клубынан кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, "Интер" "Әл-Хиләл" клубына Канселуды жалға алу шарттарын ұсыну және мәміленің ықтимал құрылымын талқылау жөнінде сұрау жолдаған.
Сонымен қатар, соңғы 48 сағат ішінде "Барселона" мен "Ювентус" та саудиялық клубпен байланысып, Канселудың жағдайын нақтылағаны атап өтілді.
Айта кетейік, Жоау Канселу бұған дейін "Интер" (2017–2018), "Ювентус" (2018–2019) және "Барселона" (2023–2024) клубтарында өнер көрсеткен. Ағымдағы маусымда ол "Әл-Хиләл" сапында алты матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.