"Барселона" футбол клубы Испания құрамасының басшылығына өтініш жасап, жас вингер Ламин Ямальды 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы екі ойынына қоспауды сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ямаль Ла Лиганың 33-туры аясында "Сельтаға" қарсы өткен матчта (1:0) жарақат алып қалды. Нәтижесінде алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Клуб ойыншының денсаулығына алаңдап, оның толық қалпына келуін қадағалайды. Егер Ямаль Кабо-Верде мен Сауд Арабиясына қарсы кездесулерге қатыспаса, бұл оның жарақатын ушықтырып алмауына мүмкіндік береді.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ламин Ямаль әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Уругвай құрамасына қарсы матчта өткізуі мүмкін, алайда нақты шешім оның қалпына келу барысына байланысты қабылданады.
Айта кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 шілде мен 19 маусым аралығында өтеді.
Жарнама