Каталондық "Барселона" футболшылары өз алаңында "Эльче" командасын ұтты. Бұл кездесу Ла Лиганың 11-туры аясында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын "Льюис Компанис атындағы Олимпиада" стадионында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.
Каталондықтар сапында Ламин Ямаль (9-минут), Ферран Торрес (11-минут) және Маркус Рэшфорд (61-минут) гол соқты. Қонақтардан жалғыз голды Рафа Мир (42-минут) салды.
Бұл жеңістен кейін каталондықтар 25 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.
"Эльче" тоғызыншы орында, оның қоржынында 14 ұпай бар.
Келесі турда "Эльче" өз алаңында "Реал Сосьедад" командасымен (7 қараша) кездеседі, ал 9 қарашада "Барселона" сырт алаңда "Сельтаға" қарсы ойынайды.