Футбол
Бүгін 14:51

"Барселона" vs "Реал": Ла Лига маусымдағы бірінші эль-класико бойынша шешім шығарды

©

Ла Лига жаңа маусымдағы мадридтік "Реал" мен каталондық "Барселона" арасындағы алғашқы матчтың өтетін күнін ресми бекітті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Эль-классико қашан және қайда өтеді?

2026/27 маусымындағы алғашқы эль-классико Испания чемпионатының 10-турында, 25 қазан, жексенбі күні өтеді. Матч Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында ұйымдастырылады.

Маусымның алғашқы үш турында екі алпауыт та тоғыз ұпайдан жинап, Ла Лига турнир кестесінде көш бастап келеді.Бұл ретте "Барселона" соғылған және жіберілген голдар айырмасы бойынша "Реалдан" алда тұр.

Өткен маусымда қалай ойнады?

Өткен маусымда Ла Лига аясындағы алғашқы эль-классикода "Реал" "Барселонаны" 2:1 есебімен ұтқан еді. Ал екінші кездесуде Ханс-Дитер Фликтің командасы қарымта қайтарып, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Испания Суперкубогінің финалында "Барселона" 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport