"Барселона" Видальді жіберуге келісті

© sport-express.ru
"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Артуро Видаль жазғы трансферлік кезең аяқталғанға дейін "Интер" сапына өтуі мүмкін. 

FC Inter News мәліметінше, клубтар арасындағы бұрынғы келіспеушілктерге қарамастан, каталондықтар 32 жастағы футболшыны жалға беру құқымен жіберуге дайын. Команданың бас бапкері Эрнесто Вальверде хавбектің орнын алмастыру оңай деген ойда және жаңадан алған футболшыларға разы. 

Ал Видаль өз кезегінде, жазғы маусымда "Интерге" бас бапкер болып келген Антонио Контенің қол астында қайтадан жаттықысы келмейді. Хавбек пен бапкер "Ювентуста" болған жылдардан бері таныс.

Видаль "Барселонаға" 2018 жылы жазда келді. Оның алдында футболшы "Коло-Коло", "Байер" және "Бавария" сапында ойнаған.