"Барселона" ұтылып жатып Еуропа Лигасының ширек финалына шықты
Футболдан Еуропа Лигасының 1/8 финалының қарымта матчында "Барселона" қонақта Стамбулдың "Галатасарайын" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Еуропа Лигасының 1/8 финалының қарымта матчында "Барселона" қонақта Стамбулдың "Галатасарайын" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Апта бұрын Испанияда қос ұжым әйгілі "Камп Ноуда" 0:0 есебімен тең тарқасқан. Бұл жолы Түркиядағы ең үлкен стадиондардың бірінде жанкүйер қауым үш голдың куәсі болды. 28-минутта алаң иелерінің бразилиялық капитаны Маркус ду Насименту Тейшейра (Маркао) бұрыштамадан ұшқан допқа бірінші жетіп, есеп ашты. Араға тоғыз минут салып "блауграна" тарапынан Педри таразы басын теңестірді.
Үзілістен кейін Габон құрамасының жарық жұлдызы "Барселонаға" жеңіс сыйлады. Қысқы трансферлік маусымда командаға қосылған Пьер Эмерик Обамеянг кездесудің 50-минутында Иньяки Пенья қақпасының саңылауын тапты. Қорытынды есеп 1:2. Хави баптайтын ұжым Еуропа Лигасының ширек финалына жолдама алды.
Енді "Барселона" 20 наурыз күні Ла Лиганың 29-турында Мадридте "Реалмен" кездеседі. Әзірге Испания чемпионатында "каталондықтар" 51 ұпаймен үшінші орынға жайғасса, Карло Анчелоттидің "бланкосы" 66 ұпаймен көш бастап тұр.
Жарнама