"Барселона" Усман Дембеленің орнына басқа ойыншы тапты

©UA-football.com

"Барселона" Усман Дембеленің орнына "Арсеналдағы" Пьер-Эмерик Обамеянгты алмақ. Бұл туралы Eurosport порталы Mundo Deportivo басылымына сілтеме жасап хабарлап отыр.

"Атлетико" Альваро Моратоны каталонияға жібермей қойғаннан кейін осындай амал қарастырылды. Ал Габондық форвард "Барсада" жалға алу құқымен жарты жыл ойнайды.

Еске салайық, Дембеле каталондықтармен жаңа келісімшарт бойынша келісімге келе алмауда - клубқа франциялық футболшының қаржылық сұранысы ұнамай отыр.

Обамеянг "Арсенал" сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Биылғы АПЛ-де ол 14 матч өткізіп, төрт гол салды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport