"Барселона" үш ойыншысын бір голкиперге айырбастап жіберуге дайын

Сурет:ajax.nl
Каталондық "Барселона" амстердамдық "Аякске" қақпашы Андре Онана трансфері бойынша ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Telegraaf.

Камерундық голкипер үшін каталондық клуб бірден үш ойыншысын беруге дайын - қақпашы Нету, жартылай қорғаушылар Карлеса Аленью, Рики Пуига немесе Кольядоны. Онананың өзі де "Барселонаға" ауысқысы келеді, дегенмен, амстердамдық клуб оны тағы бір маусым өз сапында қалдырмақ. 

24 жастағы Онана "Аякс" сапында 2015 жылдан ойнап келеді. 2010 жылы ол "Барселона" жүйесінде өнер көрсеткен, алайда, негізгі құрамға ілікпеді. Ал ол "Аякс" сапында Нидерланды чемпионы атанды, ел Кубогы мен Суперкубогын ұтты, Еуропа Лигасы финалы мен Чемпиондар лигасының жартылай финалына жеткен.