Футбол
8 қазан 2019 11:19

"Барселона" трансфер салдарынан қарызға батты

© fc-barcelona.com.ua
Каталондық "Барселона" трансферлер бойыша өзге клубтарға 260 миллион еуро қарыз. Бұл туралы AS.com басылымы клубтың 2018/19 маусымдағы қаржылық есебіне сілтеме жасап.

Бұл сомманың 79,4 миллионын каталондық клуб жақын арада төлеуі керек. "Барсаның" ең үлкен қарызы "Ливерпуль" командасына - Филиппе Коутинью тарнсфері үшін 94 миллион еуро.

Англиялық клуб жақын арада 27,9 миллион еуро алады, ал 66,7 миллион асықпай төленеді.

Сонымен қатар, "Барселона" франциялық "Бордоға" жартылай қорғаушы Малком үшін 30,3 миллионды әлі бермеген, футболшы осы жазда петерборлық "Зенит" сапына өтті. Хавбек каталондық клубқа 2018 жылы 41 миллион еуроға өткен.

Сондай-ақ, "Барселона" германиялық "Баварияға" да 10,9 миллион еуро хавбек Артуро Видаль үшін, "Валенсияға" - 31,4 миллион қақпашы Нето үшін және 48,7 миллион Френки де Йонг үшін "Аякске" қарыз.