"Барселона" тарихта ең көп атақ жинаған футболшыдан бас тартты

© Football.ua
Бразилиялық қорғаушы Дани Алвес каталондық "Барселонаға" оралмайтын болды. Бұл туралы Marca басылымы RAC1 радиостанциясына сілтеме жасап хабарлады.

Ақпарат бойынша, каталондықтар 36 жастағы футболшының келуін қарастырып та отырған жоқ. Мұның алдында Алвес "Барселонада" ойнағысы келітінін айтқан, алайда, клуб бұл ұсынысты қабылдамады.

"Барселонаның" бас бапкері Эрнесто Вальверде қорғаушы ретінде Серхи Роберто мен Нелсон Семедуға сенім артып отыр. Каталондықтар Семедуды 100 миллион еуро ұсынса ғана жіберетіндігін айтқан. Ол кеткен жағдайда да "Барселона" Алвесті алмақ емес. 

Алвес "Барселонадан" кеткенінде клубты қатты сынаған еді. Оның қайтып келуін қарастырмаудың басты себебі осы болуы мүмкін.

Алвес "Барселона" сапында 2008 бен 2016 жылдар аралығы ойнады. Осы уақытта ол Испания чемпионатын алты рет, ел кубогын төрт рет және үш рет Чемпиондар лигасын ұтқан.

Жақында Алвес 2017 жылы "Ювентустан" ауысып барған ПСЖ-дан кететінін мәлімдеді. Париждік клуб сапында бразилиялық тарихта титулды ең көп жинаған футболшы атанды: оның есебінде 42 трофей бар, осылайша, ол 35 жарыста жеңімпаз атанған британиялықтар Кенни Далглиш пен Райаа Гиггзды асып түскен. 
Жаңалықтар