"Барселона" сырт алаңда "Реалды" ойсырата ұтты

©Reuters

"Барселона" Испания чемпионатының 29-турында "Реалды" ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мадридте өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Гол авторлары Пьер-Эмерик Обамеянг (29 және 53-минут), Рональд Араухо (38) және Ферран Торрес (47). "Реал" сапынан чемпионаттың үздік сұрмергені Карим Бензема (22 гол) жарақат салдарынан ойынға қатыса алмады.

Бірінші айналымда мадридтік команда 2:1 есебімен ұтқан.

Осылайша, "Барселона" бесінші матч қатар ұтып, 28 ойында 54 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. "Реал" 29 кездесуде 66 баллмен көш басында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport