"Барселона" Суареске қатысты түбегейлі шешім қабылдады

Сурет: Susana Vera / Reuters
Каталондық "Барселона" шабуылшы Луис Суареспен қош айтыспақ, - деп хабарлайды El Chiringuito TV.

Мәлімет бойынша, каталондықтар 33 жастағы уругвайлық футболшыға командадан кету керегін айтқан.

Мұның алдында Суарес 2007 мен 2011 жылдар аралығы өнер көрсеткен "Аякс" сапына оралуы мүмкін екені хабарланған. Амстердамдық клуб 15 миллион еуро ұсынған екен.

Сонымен қатар форвардқа италиялық "Ювентус" қызығушылық танытып отыр. Туриндік клуб 3 миллион еуродан аспайтын еңбекақымен екі жылға келісімшарт ұсынуға дайын,-деп жазады TuttoMercatoWeb.

Айта кетейік, Луис Суарес "Барселона" үшін 2014 жылдан бері ойнап келеді.