"Барселона" шақырса да бармаймын. Адиев өзіне түскен ұсыныстар туралы

©Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ресейлік "Урал" сапынан ұсыныс туралы айтып берді, деп жазады "Спорт-Экспресс". 

Ресейлік бапкер Қазақстан құрамасымен Ұлттар лигасында өз тобында бірінші орын алуға жақын. Бірақ қазірдің өзінде оны ресейлік командалар "кетеді" деген ақпараттар шығуда. 

"Мен осыған дейін ресми де айттым, бұл айда тек қазіргі жұмысыма ден қойып, алдағы екі ойынға дайындаламын. Тіпті кетемін деп ойламаймын да. Мен үшін бұл екі ойын өте маңызды. Ойынды өткізейік, сосын басқа нәрселер туралы айтуға болатын шығар. Әзірге ешкіммен сөйлесіп жатқаным жоқ. 

Шартты түрде, дәл қазір "Барселона" шақырса да бармаймын. Себебі бұл менің карьерамдағы ең маңызды екі ойын. Бұл ойындардан қалай бас тартамын. Келесі кезеңге өткім келеді. Қазақстан бұған дейін осындай жетістікке жетпеген. Жанкүйерді және өзімді қуантқым келеді", - деді бапкер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар