Испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Серхио Агуэро жүрегінің ауыруына байланысты карьерасын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы Catalunya Radio хабарлады.
Агуэро 30 қазан күні Испания чемпионатында "Алавес" командасына қарсы кездесуді аяқтай алмай қалды. Ол кезде "Барселонаның" баспасөз қызметі шабуылшының кеуде тұсы шаншығанын айтқан. Ойын барысында Серхио бірден емханаға кетті. Содан соң 33 жастағы футболшы үш ай бойы ойнай алмайтыны белгілі болды.
Дереккөздің ақпараты бойынша, Агуэроның жүрек ауыруы бұған дейін айтылғандай емес, әбден меңдегенге ұқсайды. Ал дәрігерлер оған карьерасын аяқтау керегін айтқан екен.
Еске салайық, Агуэро "Барселона" сапына 31 мамыр күні ауысып, 2022-23 маусымының соңына дейін келісімшарт жасады.