"Барселона" шабуылшысы жаңа клуб іздестіруде

©Reuters

"Барселона" шабуылшысы Мемфис Депай клубтан кетуі мүмкін, деп жазады Mundo Deportivo.

Басылымның мәліметінше ойыншы бапкерлік штабқа ренжулі. Себебі оған бапкерлер көңіл бөлуді қойған. Роберт Левандовскидің "блаугранаға" келуімен Депай ойнап келген тоғызыншы нөмір поляк футболшысына берілетіні туралы да айтылған.

28 жастағы голландиялық ойыншыға "Ювентус" қызығушылық танытуда. Ал "Барселона" Депайды "Ювентуске" испаниялық командамен келісімшартты ұзартқан жағдайда жалға беруге дайын.

Мемфис Депайдың "Барселонамен" келісімшарты 2023 жылдың маусым айына дейін жасалған. Ол өткен жылы 37 матчта 13 гол соғып, екі рет нәтижелі пас берді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport