"Барселона" шабуылшысы Англия чемпионатына ауысуы мүмкін

©Reuters

"Тоттенхэм" клубының өкілдері "Барселонаның" голландиялық шабуылшысы Мемфис Депайға қызығушылық танытуда, деп жазады "Чемпионат".

Бұл туралы италиялық журналист Альфредо Педулла хабарлады. Педулла өз кезегінде "блаугрананың" тың ақпараттарынан хабардар испаниялық инсайдер Жерар Ромероның жариялаған жаңалығына сілтеме жасаған.

Соңғы күндері "Ювентустің" бапкерлік штабы Депайды қатарына қосқысы келетіні белгілі болды. Осы орайда Мемфис Депай да "каталониялық" клубтан кеткісі келетінін жасырмаған еді. Себебі жуырда Роберт Левандовски "Бавариядан" Испанияның "Барселонасына" 50 миллион фунт стерлингке ауысқан соң команданың жаттықтырушылары Депайға деген көзқарасын күрт өзгерткен.

Еске салайық, Депай "Барселонаға" 2021 жылы еркін агент ретінде ауысты. Ол өткен маусымда алаңға 37 рет шығып, 13 гол салды. Сонымен қатар, екі нәтижелі пас берді. Футболшының келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген болатын.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар