"Барселона" шабуылшысы ӘЧ-ның алғашқы матчіне шықпайды

©Depay Twitter

Нидерланды құрамасының бас бапкері Луи ван Гал "Барселона" шабуылшысы Мемфис Депайдың әлем чемпионатының алғашқы матчінде алаңға шықпайтынын мәлімдеді, деп жазады "Спорт экспресс".

А тобының аясындағы Сенегал мен Нидерланды кездесуі бүгін 21 қараша күні өтеді. Ойынды Астана уақытымен 22:00-ден бастап Qazsport телеарнасының ресми сайтынан тікелей тамашалай аласыздар.

Бұл топта Сенгал мен Нидерланды командаларынан бөлек, жарыс қожайыны Қатар мен Эквадор құрамалары бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport