"Барселона" сенсациялық жеңілістен кейін Ла Лигадағы антирекордын қайталады

©Reuters

"Барселона" 2003 жылдың сәуірінен кейін бірінші рет барлық турнирде өз алаңындағы екі ойында қатар ұтылып отыр, деп хабарлайды Gracenote Twitter желісінде.

18 сәуірде "Барса" Испания чемпионатының 32-турында "Камп Ноу" алаңында "Кадистен" 0:1 есебімен ұтылды.

14 сәуірде "Барселона" Еуропа лигасы 1/4 финалында "Айтрахттан" ұтылды - 2:3. Осыдан кейін турнирден шығып қалды. 

Айта кетейік, "Барселона" 60 ұпай жинап, Испания чемпионатының турнир кестесінде екінші келеді. Бірінші орында "Реал" - 75 балл.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport