"Барселона" сегіз жылда бірінші рет Мессиді Чемпиондар лигасы матчіне алмады

10 желтоқсан 2019 10:45
© Sportbox
"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси сегіз жылда алғаш рет каталондық команданың Чемпиондар лигасы матчінде ойнайтын футболшылар қатарында жоқ, - деп хабарлайды Infobae. Топтық кезеңнің алтыншы турында каталондық команда миландық "Интермен" ойнайды.

Соңғы рет мұндай Мессидің басынан 2011 жылы желтоқсанда өткен, ол кезде "Барселона" өз алаңында БАТЭ клубын 4:0 есебімен ұтқан болатын.

БАҚ-тағы мәлімет бойынша, бұл жағдайды "Барселона" бапкері Эрнесто Вальверденің Испания чемпионатындағы "Реалмен" матчке аз қалғанда Мессидің денсаулығын қатерге тікпей, бабында қалдырғысы келетіндігімен байланыстырады. 
Жаңалықтар