"Барселона" сапында 50-ші жеңіске жеткен Месси Испания турнирлерінде 500 гол салды

© football24.ua
"Барселона" капитаны Лионель Месси каталондық клуб сапында 500-ші жеңіске жетті, - деп хабарлайды sports.ru.

Ойын Испания Кубогы 1/8 финалындағы "Леганеске" қарсы матчте болды. Мессидің командасы 5:0 есебімен ұтты.

Бұл ойында дубль жасаған аргентиналық шабуылшы Испания турнирлеріндегі "Барселона" үшін 499 және 500-ші голын салды. 

Ол каталондық команда сапында клубтық деңгейде 500 жеңіске жеткен бірінші ойыншы. 

Ал ТОП-6 тізімде Хави (482 победы), Икер Касильяс (463), Андрес Иньеста (459), Андони Субисаррета (444) пен Серхио Рамос (439) бар.

"Барселона" үшін Месси жалпы 710 матчте ойнап, 622 гол салды.