Футбол
18 мамыр 2021 10:48

"Барселона" Рональд Куманға қатысты бір шешімге келді

Сурет: NEWS.ru

"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман орнынан анық кететінге ұқсайды. Өйткені клуб президенті Жоан Лапорта маманды маусым соңында ауыстырмақ екен, деп хабарлайды Eurosport сайты Sport.es порталына сілтеме жасап. 

Куманның жағдайы "Барселонаның" маусымдағы сәтсіздіктерінен кейін ауырлай түсті. Бапкерді ауыстыру мәселесі оның орнын басатын маманды табуға байланысты ғана шегеріліп тұр. Куманның бапкер ретінде Лапорте басшылыққа келгенге дейін тағайындалғаны да оның кетуіне әсер етуші бір фактор боолып отыр. 

Кейінгі бес ойында каталондық клуб тек біреуін ғана ұтқан. Ал өткен аптада "Барселона" чемпион болу мүмкіндігінен айырылды. Куман жаттықтыратын команда "Атлетикодан" жеті ұпай, ал "Реалдан" бес балл кем жинап отыр.  

Каталондықтар келесі ойынды 22 мамыр "Эйбар" командасына қарсы өткізеді.